Рейске тіркелу кезінде кәмелетке толмаған балаларымен бірге жүретін жолаушылар, сондай-ақ еріп жүрмейтін кәмелетке толмаған жолаушыларды тіркеу барысында, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы №189 бұйрығындағы «Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» құжатының 11 және 12-тармақтарына сәйкес, баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжатты (ішкі рейстерде тұлғаны анықтау үшін) ұсыну қажет.