Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 242 884 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс – 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
| Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
| Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
| Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
| Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
| Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
| MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Ирандағы соғыс • Ирандағы наразылықтар • Газа соғысы • Судандағы азамат соғысы • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы)

- 20 наурыз — америкалық актёр Чак Норрис (суретте) 86 жасында қайтыс болды.
- 15 наурыз — «Оскар» сыйлығының 98-марапаттау рәсімінде «Шайқас артынан шайқас» фильмі 6 мәрте сыйлық иегері атанды.
- 15 наурыз — Қазақстанда референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.
- 8 наурыз — үшінші Иран жоғарғы көсемі болып Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи сайланды.
- 28 ақпан — АҚШ пен Израильдің әскери операциясы нәтижесінде билікте 1989 жылдан бері болған Иран жоғарғы көсемі Әли Хаменеи қайтыс болды.
- 14 ақпан — 2026 Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық Михаил Шайдоров алтын жүлдегері және осылайша мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанды.
Білгенге маржан
- Еврей халқы бір бірімен Шалом алейхем деп амандасады, мағынасы «сізге тыныштық болсын»!
- Балаға ата-анасының гені 50/50% бірдей бөлініп беріледі. Бұл еркектер әйелдерден артық, еркектер әйелдерден бір саты жоғары тұру керек деген аңызды (миф) толықтай жоққа шығаруға жеткілікті. Бұл еркек пен әйелдің теңдігінің бір дәлелі.
- Адамда ДНҚ спиралдарынан тұратын барлығы 46 хромосома бар оның тең жартысы жыныстық мүшелерде сақталады.
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
27 наурыз
Мейрамдар
Әлемдік театр күні.
Ангола, Жеңіс күні.
Бельгия, Франктілді мәдени қоғамдастық мейрамы.
Мьянма, Армия күні (Қарулы күштер күні).
Ресей, — Ресей ІІМ ішкі әскерлер күні.
Жапония, Сакура гүлдену күні.
Оқиғалар
- 1930 жыл — Лепсі шаруаларының көтерілісі басталды
- 1958 жыл — Никита Сергеевич Хрущёв КСРО МК төрағасы лауазымына ие болды
Дүниеге келгендер
- 1893 жыл — Карл Маннгейм мажар әлеуметтанушысы
Қайтыс болғандар
Наурыз айына ортақ жұмыс
«Қазақстан мен Орталық Азия әйелдері» уики-марафоны жалғасып жатыр












